Ресей билігі танымал мессенджерді бұғаттауға дайындалып жатыр

311

Бұл шешімнің себебі де белгілі болды. 

Ресей билігі танымал мессенджерді бұғаттауға дайындалып жатыр Фото: Михаил Гребенщиков / РБК

Ресей билігі Telegram мессенджерін бұғаттау мерзімін белгіледі. Бұл шектеу сәуір айының алғашқы күндерінде енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

РБК басылымының жазуынша, Кремльге жақын екі дереккөз бұл нақты шешім деп айтқан. Соңғы уақытта адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тарту жағдайлары жиілеген. Бұл Telegram-ды бұғаттауға негізгі себептің бірі болып отыр.

18 ақпанда Ресейдің цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрі Максут Шадаев соғыс аймағында Telegram жұмысын шектеу жоспарланып отырмағанын айтты. Министр алдағы уақытта әскери қызметкерлердің басқа платформаларға көшетініне үмітті екенін жасырмады. РБК дереккөзінің хабарлауынша, сәуір айына қарай Telegram майдан шебінде ғана жұмыс істейтін болады. Бұған дейін Baza Телеграм-арнасы Telegram-ның 1 сәуірде бұғатталуы ықтимал екенін хабарлаған.

Осы аптада "Российская газета" және "Комсомольская правда" басылымдары Telegram иесі Павел Дуровқа қатысты лаңкестік қызметке жәрдемдесу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жазды. Олар мессенджерде экстремизмге шақыратын арналардың өшірілмегенін хабарлады. 

"Комсомольская правда" ақпаратына сәйкес, Telegram әкімшілігі Роскомнадзордың талаптарын орындамай келген. Атап айтқанда, балалар порнографиясына қатысты 1369 арна, чат пен ботты, есірткіге байланысты – 3771, суицид тақырыбындағы – 2666, кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тартуға арналған 2124 контентті өшірмеген. Бұдан бөлек экстремизмге шақыратын 10,5 мыңнан аса арна жойылмаған. Тағы 1125 арнада экстремистік және лаңкестік ұйымдардың материалдары болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу