Ресей элитасы арасында Путиннен кейінгі билік үшін күрес жүріп жатыр – сарапшы

2544

Саяси сарапшы Тарас Загородний Ресей элитасы арасында Путиннен кейінгі билік үшін күрес жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей элитасы арасында Путиннен кейінгі билік үшін күрес жүріп жатыр – сарапшы

"Менің ойымша, басты мақсат Дугиннің көзін құрту болды. Себебі Ресейде Қырым шабуылына қатысты реакцияның болмауы жағдайында "ядролық қоқан-лоққы" жүзеге аспады. Олар соғыстың Ресей аумағында немесе өздерінікі деп санайтын аумақтарда жүріп жатқанын және ол үшін Украинаға дым болмағанын түсініп отыр. Сондықтан Кремль бұған кінәлілерді іздей бастайды. Екіншіден, менің ойымша, Путиннен кейінгі билік үшін күрес жүріп жатыр. Яғни Путинге бірнәрсе бола қалған жағдайда Батыс елдерімен деэскалация жөнінде қандай шешім қабылданатыны қарастырылуда. Осындай келіссөздердің жүріп жатқанына сенімдімін. Дугин – соғыс идеологтары мен апологеттерінің бірі. Әрине, мұндай адамның көзінің құртылуы керектігі түсінікті", – деді Загородний.

Сарапшы Ресей Федерациясы бұл жағдайда Украинаны террористік актілер дайындаған деген айып тағып, шабуыл жасау үшін тағы бір себеп ойлап табуы мүмкін екендігін тілге тиек етті.

"Олар Украинаны террористік актілер мен басқа да шабуылдарды дайындады деп айыптауы мүмкін. Екінші жағынан, қарапайым ресейліктерде "қалайша украиналық арнайы қызметтер Мәскеуде оп-оңай қастандық жасай алды" деген күдік болуы да ықтимал", – деді саяси сарапшы. 

Оның пікірінше, Ресей Федерациясында "режимнің ең жеккөрінішті тұлғалары" біртіндеп жойылуы мүмкін.

"Проханов, Симоньян ханым, Соловьев бар. Бұлар – қазіргі режимнің бет-бейнесі. Тап қазір олардың ешқандай пайдасы жоқ. Путиннен кейін билікке келетін элиталар Путин жасаған барлық былықты ретке келтірудің амалын қарастыруда. Өйткені олардың өмірі Батыспен байланысты. Ресейліктерге туристік визаларды беруді шектеу шарасы оларға ұнап отырмағаны анық. Бұл өте қиын мәселе. Сондықтан барлық ішкі күрес осының айналысында өрбиді", – деп топшылады Загородний.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу