Бұл ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Ресей Федерациясының министрі Оксана Лут арасындағы келіссөз нәтижесінде шешімін тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстаннан Ресей Федерациясы арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауда еш түйткіл болмай тұр.
Россельхознадзор тарапынан шектеулердің алынып тасталуына қатысты сұраққа жауап берген Айдарбек Сапаров Ресей тарапынан транзитке қатысты ешқандай мәселе жоқ екенін жеткізген.
– Қазіргі уақытта Ресейге бидай, жасымық және майлы дақылдарды импорттауға уақытша шектеулер қойылған. Алайда, бұл өнім түрлері бойынша Ресей өз қажеттіліктерін толық қамтамасыз еткендіктен, ресейлік нарық қазақстандық өндірушілер үшін мақсатты нарық болып табылмайды, – деп жазылған АШМ хабарламасында.
Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті мен Россельхознадзор өкілдерінің қатысуымен жағдайды реттеу бойынша келіссөздер тұрақты түрде жүргізіледі.