Ресей Қазақстанның солтүстік өңірлері үшін газ құбырын салады

512

Оның жобалық қуаты – жылына 10 миллиард текше метр.

Ресей Қазақстанның солтүстік өңірлері үшін газ құбырын салады Фото: © Sputnik/Ляля Лилова

Ресей Қазақстанның солтүстік өңірлері үшін газ құбырын салады. Бұл туралы 18 ақпандағы Ресей Федерациясы Үкіметінің қабылдаған бұйрықта жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұйрық көршілес елдің құқықтық ақпарат порталында жарияланған. Оған сәйкес Ресей тарапы Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс өңірлерін газдандыру үшін магистральды газ құбырын салмақ.

Құжатқа көрсетілгендей, елімізге газ жеткізу үшін экспорттық газ құбырының жобалық қуаты жылына 10 миллиард текше метр газ болады. Ал компрессорлық станциялардың қуаты 50 МВт-қа тең. 

Газ құбыры Түмен облысы арқылы өтетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу