Ресей көкпардан Көшпенділер ойындарының қола жүлдегері атанды

1123

Енді бас жүлде үшін ойын Қазақстан мен Қырғызстан көкпаршылары арасында өтеді.

Ресей көкпардан Көшпенділер ойындарының қола жүлдегері атанды Фото: Спорт және туризм министрлігі

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтіп жатқан көкпар додасының қола жүлдегері белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Үшінші орын үшін бақ сынаған Түркия және Ресей көкпаршылары арасында өткен дода барынша тартысты болды. Бұл жолы 8:2 есебімен көкпардан Ресей құрамасы жеңіске жетті.

Еске сала кетсек, халықаралық дәрежеде өтіп жатқан көкпар ойынына Қазақстан құрамасынан өзге – АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Мажарстан, Қытай, Моңғолия және Түркия командалары қатысуда.

Іріктеу кезеңінде Ресей мен Қытай елінің көкпаршылары бақ сынасып, 4:1 есебімен ресейлік құрама басым түскен болатын.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу