Ресей Қазақстандағы уранға бай кен орындарын Қытайға сататын болды

278

Бұдан әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания – "Қазатомөнеркәсіптің" кеніштердегі үлесі өзгермейді.

Ресей Қазақстандағы уранға бай кен орындарын Қытайға сататын болды Фото: fabricators.ru

Мұны "Рейтер" еліміздің мемлекет бақылауындағы ядролық ресурстар жөніндегі компаниясына сүйеніп бүгін хабарлады.

Халықаралық ақпарат агенттігінің дерегінше, Ресейдің мемлекеттік "Росатом" корпорациясы әлемдегі ең ірі уран өндірушімен бірге игеріп жатқан ауқымды уран кен орындарындағы өз үлесін сатып жатыр.

"Қазатомөнеркәсіптің" мәлімдеуінше, "Росатомның" бөлімшесі Uranium One Group Заречное кенішіндегі өзінің 49,979% үлесін SNURDC Astana Mining Company Limited компаниясына сатты. Ал бұл компанияның (SNURDC Astana Mining Company Limited) түпкілікті бенефициары – Қытайдың Мемлекеттік ядролық уран ресурстарын игеру компаниясы.

Uranium One Group, сондай-ақ, Khorasan-U бірлескен кәсіпорнының 30 пайызын China Uranium Development Company Limited-ке беруді жоспарлап отыр. "Қазатомөнеркәсіптің" мәліметінше, бұл компанияның да түпкілікті бенефициары – Қытайдың бас ядролық энергетикалық корпорациясы (CGN, Қытай).

Дегенмен, "Қазатомөнеркәсіптің" мәліметінше, бұл саудада "оның үлесі өзгеріссіз қалады".

Заречноедегі уран қоры 2024 жылдың басында шамамен 3 500 тоннаны құрады. Мұны да "Қазатомөнеркәсіп" хабарлады.

"Хорасан-У" компаниясы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы "Северный Харасан" кен орнының Харасан-1 блогында жұмыс істейді. Бұл кен орнының уран қоры 2024 жылдың басында шамамен 33 000 тонна болған. Оны игеру мерзімі 2038 жылға жоспарланып отыр.

"Росатом" қазақстандық кеніштерді сату жайлы әзірге түсініктеме бермеді. Бір анығы – Uranium One 2023 жылы елімізде 4 831 тонна уран өндірген екен.

"Қазатомөнеркәсіп" әлемдегі ең ірі уран өндіруші және ең үлкен қор базасына ие. 2023 жылы оның үлесіне әлемдік бастапқы уран өндірісінің шамамен 20 пайызы тиесілі болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу