Ресей мен Украина соғысын тоқтататын уақыт келді – Трамп

158

Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Ресей мен Украина соғысын тоқтататын уақыт келді – Трамп Фото: AP Photo/ Evan Vucci

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесуін қызықты әрі достық сипатта өтті деп сипаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Трамптың айтуынша, ол Зеленскиймен әңгімесінде Ресей президенті Владимир Путинге де осындай ұсыныс жасағанын атап өткен.

"Мен оларға қантөгісті тоқтатып, келісімге келудің уақыты жеткенін айттым. Шекараларды қан мен батырлық арқылы емес, келісім арқылы анықтауы тиіс. Екі тарап та жеңісін жариялап, қалғанын тарих шешсін", – деді ол.

Оның пікірінше, соғысты жалғастырудың еш мәні жоқ, себебі адам шығыны да, қаржылық салмақ та тым ауыр.

"Бұдан әрі оқ атпау керек. Өлім де, шексіз шығын да тоқтауы тиіс. Бұл соғыс мен президент болғанда мүлде басталмас еді. Әр апта сайын мыңдаған адам қаза табуда – жетер, үйлеріңе, отбасыларыңа аман қайтыңдар!" – деп жазды Трамп.

Саясаткердің бұл мәлімдемесі оның Украина мен Ресей арасындағы соғысқа қатысты бұрыннан келе жатқан ұстанымын тағы да көрсетті. Ол қақтығысты тез арада тоқтату үшін екі тараптың да келісімге келуі қажет деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу