Ресей мен Украина Жеңіс күніне орай атысты тоқтатуға келісті

1126

Тараптар мұны растап отыр. 

Ресей мен Украина Жеңіс күніне орай атысты тоқтатуға келісті Фото: РИА Новости / Александр Кряжев

Ресей мен Украина 8-9 мамыр күндері уақытша бітім жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресейдің Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бұл шешімді Ресей президенті, Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Владимир Путин қабылдаған.

"Украин тарапы да біздің бастамамызды қолдайды деп үміттенеміз", – деп хабарлады әскери ведомство.

Сондай-ақ, мерекелік іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданатыны белгілі болды. Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеудің біржақты атысты тоқтату туралы шешіміне жауап ретінде 6 мамырға қараған түні "тыныштық режимі" жарияланатынын айтты. 

"Бізге адам өмірі кез келген мерейтойды "тойлаудан" әлдеқайда қымбат", – деп жазды ол дүйсенбі күні Telegram парақшасында.

Ресей билігі әлі күнге дейін атысты тоқтату шарттарына қатысты Украинаға ресми түрде жүгінбеген, олар әлеуметтік желілерде өз жоспарларын жариялаумен шектеліп отыр, дейді Зеленский.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу