Ресей зымыраны Днепрдегі көпқабатты тұрғын үйлердің үстіне түсті

1086

Кеше Ресей әскері Днепрде көпқабатты тұрғын үйлердің бірін атқылады.

Ресей зымыраны Днепрдегі көпқабатты тұрғын үйлердің үстіне түсті

Бұл туралы Днепропетровск облысының басшысы Валентин Резниченко мәлімдеді.

Оның айтуынша, шабуылдан 68 адам жараланып, 20 адам қаза болған. Оның 12-сі – бала. Үйінді астынан 38 адам шығарылған. Құтқару жұмыстары әлі жалғасуда.

Днепрдегі көпқабатты тұрғын үйге теңіздегі ірі кемелерді жоюға арналған Х-22 ракетасы түскен көрінеді. Ресми Киев мұндай ракетаны әуе шабуылынан қорғайтын жүйе атып түсіре алмайды дейді.

Қазірге Ресей тарапы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме бермеді. Қала мэрі Борис Филатов жағдай бақылауда екенін жеткізді.

Бұған дейін Буча мен Запорожьеде де жарылыс болғаны хабарланды.

Киевтің мәлімдеуінше, кеше Ресей әскері 3 әуе шабуылын және 50 ракета соққысын жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу