Ресейде Apple-ге қарсы іс қозғалды

1685

Ресейдің Федералды жемқорлыққа қарсы қызметі Apple компаниясына қатысты тергеу жұмыстарын өткізбек. 

Ресейде Apple-ге қарсы іс қозғалды

Олар компанияның нарықтағы iOS қосымшаларын тарату әрекетіне наразы. 

Жемқорлыққа қарсы қызмет істің қаралуын 2019 жылдың 13 қыркүйегіне белгіледі. Бұл іс Касперский Лабораториясының арызы бойынша қозғалған. Вирусқа қарсы бағдарлама жасайтын компания Apple-ді "Касперский балаларды қорғайды" (KSK) деп аталатын ата-ана бақылау бағдарламасының нұсқасын негізсіз қабылдамады деп айыптап отыр. 

Бұған дейін Apple нарыққа iOS12 версиясындағы Screen Time деп аталатын қосымшасын шығарған болатын. Бұл бағдарламаның функциясы ата-аналық бақылау қосымшаларыныкіне ұқсас келеді.

"Барлық материалдарды зерттей келе мынадай қорытындығы келдік: Apple компаниясы iOS қосымшаларын тарату нарығында өзінің үстемдігін асыра пайдаланған", - делінген Ресейдің Федералды жемқорлыққа қарсы қызметінің мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Kaspersky Lab-тан басқа 11 компания да Apple Screen Time бағдарламасын шығарғаннан кейін, осындай жағдайға тап болған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу