Ресейде мобилизацияның екінші толқыны қаңтар-ақпан айларына қарай басталады

1635

Ресей екінші рет ішінара жұмылдыру жарияламақ, бірақ әскерге шақырылғандарды қажетті қару-жарақпен қамтамасыз ету қиынға түседі

Ресейде мобилизацияның екінші толқыны қаңтар-ақпан айларына қарай басталады Фото: rbc.ru

Бұл туралы украиналық барлау қызметі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ресей билігі керісінше ішінара мобилизация аяқталды деп сендіреді. 28 қазанда Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей президенті Владимир Путинге Жұмылдыру жоспарының орындалғаны туралы хабарлады - соғысқа 300 мың адам шақырылды.

Алайда мобилизацияны аяқтау туралы ресми Жарлық жарияланған жоқ. Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, заңгерлер мұндай құжатты қажетсіз санайды екен.

Бірақ Ресейдің түкпір-түкпірінде әскерге шақыртуға болатын жігіттерді тура көшеде ұстап, әкетіп жатқан көрінеді, мысалы, осыдан бірер күн бұрын ғана Мәскеуде 20 адамды күштеп әскери комиссариатқа алып кеткен. Алдымен "Мемориал" адам құқықтарын қорғау орталығының заңгерлеріне бұл жұмылдыру шарасы деп хабарланды. Кейінірек заңсыз әрекет "шұғыл әскерге шақыру аясында" болып жатқаны анықталды.

Ал Ресейде күзгі әскерге шақыру 1 қарашада басталып, 31 желтоқсанға дейін жалғасатынын ескерсек, заңгер Александр Помазуевтің "іс жүзінде резервшілерді жұмылдыру күзгі мерзімді әскерге шақыру барысында уақытша тоқтатылды" дегені ақылға қонымды көрінеді. Ол жақын арада ер азаматтар тағы шақырту алатындарына сенімді.

"Мемлекетте мобилизация мен шақыруды бір уақытта жүргізуге жеткілікті ресурстар болмады. Әскерге шақыру аяқталғаннан кейін, қызметкерлердің қолы босайды. Оған қоса Президенттің әскерге шақырылатын азаматтарды есепке алу жүйесінде бірыңғай база құру туралы шешім қабылдап, Жарлық шығаруы - бүкіл ел бойынша жұмылдыру жұмыстарын жүйелеу үшін жасалып отырған сияқты", - деп түсіндірді заңгер Александр Помазуев.

Ал екінші толқынның нақты қашан болатыны екі жақта да қызу талқыланып, түрлі пікірлер айтылады. Украиналық барлау Ресейде жаппай жұмылдыру қаңтарда басталады десе, одан қашқандарға көмек көрсететін "Идите лесом" жобасының жетекшісі Григорий Свердлиннің айтуынша, соғысқа шақырту қағаздары жаңа жылдық мерекелерден кейін, ақпанға қарай таратылады.

"Мен украиналық барлау қызметімен толықтай келісемін. Менің ойымша, жаңа толқын, дәлірек айтсақ, әлі тоқтатылмаған жұмылдырудың белсенді фазасы жаңа жылдық мерекелерден кейін немесе ақпан айының басында басталады. Одан кеш емес. Ал Владимир Путиннің сөздеріне келер болсақ, одан баяғыда сенім қалғанын бәрі біледі, сондықтан ресми ақпаратты “шындық” көру мүмкін емес. Оның "жұмылдыру болмайды" дегені керісінше - оның сөзсіз болатын дәлелдейді", - деді ол.

Украиналық билік Путин мобилизация жарияласын-жарияламасын одан жағдай еш өзгермейтініне сенімді, себебі олардың қолына беретін не қару, көмекші болар техника да жоғын алға тартады.

Defence Express сарапшысы Иван Киричевский Facebook-те жазғандай, УӘК Ресей армиясының соғысқа дейінгі танктерінің 100%-ын, яғни 2940 танкті жойған. Ресей армиясы қазірдің өзінде 6 мыңға жуық броньды машинаны, соғысқа дейінгі көлемнің 45%-ынан айырылды.

Сарапшының айтуынша, тіпті атыс қаруын жұмылдыру өндірісінде де ресейліктер ұйымдық тұрғыдан әлсіз болып шықты. Иран армиясы жарты миллионнан айспайтынын ескере отырып, Киричевский Ресей Федерациясына Ираннан өнеркәсіптік ауқымда қару-жарақ жеткізілуі екіталай, тіпті, мүмкін емес деген қорытындыға келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу