Ресейден АҚШ-қа жөнелтілген 4 танкердің ешбірі діттеген жеріне жетпеді

Мұның салдарынан 40 мың тонна дизель отыны жеткізілмей қалуы мүмкін.

Ресейден АҚШ-қа жөнелтілген 4 танкердің ешбірі діттеген жеріне жетпеді Фото: themoscowtimes.com

Bloomberg агенттігінің жазуынша, танкер Нью-Йорк жағалауынан шамамен 400 теңіз милі қашықтықта бағытын өзгерткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Агенттік Agioi Fanendes танкерінде Ресейде өндірілген шамамен 40 мың тонна дизель отыны бар екенін мәлім еткен. Кеме қазан айының соңында Ресейдің Приморск портынан жолға шыққан еді.

Бастапқыда АҚШ-қа бағыт алған танкер кейін бағытын өзгертіп, қазір елдің шығыс жағалауын бойлай жүзіп келеді. Десе де, кеменің жүк түсіретін нақты порты әзірге белгісіз.

Bloomberg дерегіне сүйенсек, Ресей АҚШ нарығына жеткізу үшін дизель отыны тиелген 4 танкерді жөнелткен. Бірақ, олардың ешқайсысы әзірге америкалық нарыққа жүк жеткізбеген.

Осылайша, ресейлік дизель отынының АҚШ нарығына жеткізілуі әзірге жүзеге аспай отыр.

Айта кетейік, осыған дейін Трамп пен Путиннің телефон арқылы дизель экспортына қатысты келісімге келді. Осыдан кейін Ресейдің 40 мың тонна дизель отынын тиеген танкер АҚШ-қа бет алған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу