Ресейден Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарына газ тарту жобасы соңғы екі жылда кеңінен талқыланып жүр. Әуелі Қазақстанның энегетика министрлігі Ресейден Қытайға газ таситын "Сила Сибири-2" магистралін Қазақстан арқылы өткізуді ұсынаған. Осы арқылы қазақстандық мамандар Павлодар мен Қазақстанды көгілдір отынмен қамтамасыз етпек болған. Бірақ былтыр ресейлік "Газпром" бұл ұсыныстан бас тартып, Монғолияны таңдады. Кейін Қазақстан тарабы Ресейдің көршілес облыстарынан Қазақстанның өзіне ғана газ тасымалдауды ұсынған.
"Газпром" бұл жобаға қызығушылық танытып отырған сыңайлы. Келіссөздер әлі жүріп жатқандықтан, әзірге нақты детальдар туралы айту ерте. Дегенмен, көптеген сарапшы жоба жүзеге асса, қос облыстың 2 млн тұрғыны көмір жағып, отын шабудан құтылып, көгілдір отынның игілігіне кенеледі деген оптимистік болжамдар айтып жүр.
Sputnik сайтының Қазақстандағы бөлімшесі Ресей астанасымен осы мәселе бойынша телекөпір өткізді. Ресейлік энергетика саласының сарапшысы Борис Марсинкевич жоба жүзеге асып жатса, Ресей газының бағасы қанша болатынына қатысты өз болжамын айтты.
"Біз "Газпромэкспорттың" жүргізгісі келетін саясатын болжай алмаймыз. Бірақ Қазақстан мен Ресейдің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екенін ескерсек, Беларусь еліне қолданылып отырған модель таңдалуы әбден мүмкін. Газ бағасын белгілеудің қандай да бір күрделі формуласы жасалады деп ойламаймын. Салынған инвестицияны айтарлықтай ұқыппен ақтайтындай нақты цифрлар бектілуі ықтимал. Мұнай себетіне, басқа да бағаға байлау болмайды.Екі елге де тиімді баға қойылатын шығар. ЕАЭО аумағында кедендік баж төленбейтінін ескерсек, Беларуське ұсынылып отырған баға қолданылуы ықтимал. Ол қазір 1000 текше метр газға 125-128 доллардай", – деді сарапшы.
Маманның айтуынша, Ресей газы Қазақстанға бартарлік келісім бойынша сатылуы да мүмкін. Өйткені Қазақстанның мұнай,газ кеніштерінен шикізат алып отырған ресейлік компаниялар бар. Сол шикізаттың ақысына Қазақстан Ресейдің газын өзінің екі облысына тарта алады. Алайда бұл да көп болжамның бірі ғана. Қазір газдың бағасын қойып, Қазақстанға Ресейден қанша газ әкелу қажет екені де есептелмеген екен.
Есжан Ботақара
Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!