Ресейден Visa мен Mastercard кеткен соң Орталық Азияда банк карталары бірден көбейді

1743

ТМД елдерінің орталық банктерінің деректеріне сүйенсек, Орталық Азияда халықаралық төлем жүйелерінің банк карталарын шығару биыл күрт жеделдеді. Сарапшылардың айтуынша, бұған екі нәрсе себеп болып отыр, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Ресейден Visa мен Mastercard кеткен соң Орталық Азияда банк карталары бірден көбейді

Мысалы, Беларусьте – 11,52%-ға, Арменияда – 16,2%-ға, Өзбекстанда – 26,2%-ға, Тәжікстанда – 28%-ға және Қырғызстанда – 39,7%-ға арта түскен. Бұл елдердің былтыр және одан арғы жылдардағы көрсеткіштері тым төмен. Тіпті Қырғызстан мен Беларусь мемлекетінде жылдағыдан азайып, минусқа кеткен.

Дегенмен кері үрдіс байқалып отырған елдер де жоқ емес. Қазақстанда айналымдағы халықаралық төлем жүйелері карталарының саны небәрі 7,86%-ға өсті. Бұл кейінгі жылдардағы ең төменгі өсім.

Грузияда бұл көрсеткіш жалпы 0,75%-ға төмендеді.

Сарапшылардың айтуынша, айналымдағы халықаралық төлем жүйелері карталары санының өсуі "карточкалық туризммен"  ресейліктердің көрші елдерге сапарларымен байланысты. Құбылыс Ресейден Visa және Mastercard кеткеннен кейін пайда болған.

Айта кету керек, наурызда, Ресейге салынған санкциялар аясында, Visa және Mastercard Ресейден кеткен болатын. Яғни ресейліктер және шетелдегі азаматтары банк қызметінен уақытша шеттеліп қалды. Сондықтан оның орнына МИР және UnionPay жүйелерін алды, ал олар жетіспейтіндері жаппай ТМД елдеріне шоттар ресімдеді.

Кейбір елдерде ресейліктер шектеулерге тап болды. Мысалы, Қазақстанда алдымен жергілікті тіркеу нөмірін (ЖСН) алу керек, Қырғызстанның Орталық Банкі банктерге клиенттерге қызмет көрсету кезінде бақылауды күшейтуді ұсынды. Армения мен Грузияның жеке несиелік ұйымдары карта алу процесін жасанды түрде кешіктіреді.

Банк карталарының көптеп ашылуына тағы бір себеп бар. Ол кейінгі пандемиядан кейін жанданған қолма-қол ақшасыз төлем тренді. Соның арқасында да ТМД елдері банктері клиенттер санын көбейтіп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу