Ресейдің мұнай импортына салынған санкция Қазақстанға әсер етпейді – АҚШ Қаржы министрлігі

3869

Бұған дейін АҚШ пен Ұлыбритания Ресейден өңделмеген мұнай және кейбір мұнай өнімдерін, сұйытылған табиғи газ бен көмірді импорттауға тыйым салды. 

Ресейдің мұнай импортына салынған санкция Қазақстанға әсер етпейді – АҚШ Қаржы министрлігі

АҚШ-тың Қаржы министрлігі Ресейдің мұнай импортына салынған санкция Қазақстанға, нақтырақ айтқанда, мұнайды Ресей Федерациясының аумағы арқылы тасымалдайтын Каспий құбыр консорциумына (КҚК) әсер етпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның мәлімдемесіне сілтеме жасап.  

"КҚК жүйелері сияқты тарату жүйелері өңделмеген мұнайдың әртүрлі көздерін ажыратып, оны Ресей Федерациясынан бөлек сатуға және жөнелтуге мүмкіндік береді. 2022 жылғы 8 наурызда импортқа салынған тыйым бойынша, Ресей Федерациясында өндірілген белгілі бір тауарларды Америка Құрама Штаттарына әкелуі шектеледі. Бірақ Ресейде шығарылмаған тауарлар бұл елдің аумағы арқылы транзитпен өтсе немесе одан шығарылса, оларға тыйым салынбайды", – деп жазылған мәлімдемеде. 

Еске сала кетсек, 8 наурызда АҚШ Ресейден өңделмеген мұнай және кейбір мұнай өнімдерін, сұйытылған табиғи газ бен көмірді импорттауға тыйым салды. Артынан Ұлыбритания да осындай шешім қабылдады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу