Ресейлік конькишілер Қазақстан құрамасына ауысуға ниетті

637

Санкцияларды айналып өткен спортшылар біздің елді паналауда.

Ресейлік конькишілер Қазақстан құрамасына ауысуға ниетті

"Конькимен жүгіруден әлем чемпионаттарының жүлдегері Елизавета Голубева, Ресей чемпионы Кристина Силаева және сол елдің ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Сергей Клевченя Қазақстан құрамасына ауысуға ниетті", - деп хабарлады Ресей коньки тебушілер одағының президенті.

Ресей құрамасы сапында конькимен жүгіруден әлем чемпионатының алты дүркін қола жүлдегері Елизавета Голубева Қазақстан құрамасына ауысуға өтініш білдірді. Бұл туралы сәрсенбі күні ТАСС агенттігіне Ресей конькишілер одағының президенті Николай Гуляев мәлім етті.

"Бізде Голубеваның Қазақстан құрамасына ауысуы туралы өтініші бар. Қазір бізде белгілі бір бюрократиялық жұмыстар жүріп жатыр. Ресей конькишілер одағының атқарушы комитеті бекіткен ел ішінде немесе шетелге ауысу ережелеріне сәйкес әрекет етеміз", - деді Гуляев.

Сонымен қатар агенттік өкілінің ресейліктердің халықаралық жарыстардан аластатылуы конькишінің басқа елге кетуіне себеп болды ма деген сұрағына Гуляев былай деп жауап берді:

"Ауысу себептерін спортшының өзінен сұраған дұрыс. Өзінің ар-ожданы білсін, әркім не істейтінін өзі шешеді", - деді Гуляев мырза.

26 жастағы Голубева 2022 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында 1500 метрге жүгіруде 7-ші, командалық жарыста 4-ші және масс-стартта 15-ші орын алды. 2022/23 маусымында ол масс-стартта Ресей чемпионатының алтынын жеңіп алды. Командалық жарыста екінші және 1000, 3000 метрге жүгіруде мәреге үшінші болып келген. Қазіргі таңда екі спортшы да Қазақстан құрамасының сапында жаттығып жүр. Голубева бұған дейін Match TV арнасына елімізде тұруға рұқсат алғанын айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу