Ресейлік теннисші Даниил Медведев көрерменді теннис добымен ұрып, жарыстан қуылды

564

Келеңсіз жайт Бейжіңде China Open турнирінің жартылай финалында сербиялық Новак Джоковичпен кездесу кезінде болды.  

Ресейлік теннисші Даниил Медведев көрерменді теннис добымен ұрып, жарыстан қуылды Фото: Maxim Shemetov/Reuters

Матчтан кейін Даниил журналистерге сұхбат беріп, болған оқиға үшін қатты өкінетінін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиғадан кейін оған техникалық жеңіліс берілді. Медведев осы жайт кездейсоқ болғанын айтып, көрерменнің жағдайына алаңдайтынын жеткізді.

"Ең бастысы, оның жағдайы жақсы болса екен деп үміттенемін. Онымен кездесіп, болған жағдай үшін кешірім сұрағым келеді. Бұл жүз пайыз кездейсоқ болды. Мен допты ашумен ұрған жоқпын. Доп кері серпіліп жатқандықтан, оны корттан шығып кетпейтіндей етіп қайтаруға тырыстым", – деді теннисші.

Новак Джокович те қарсыласына қолдау білдіріп, мұндай жағдайға өзі 2020 жылғы US Open турнирінде тап болғанын айтты.

Дисквалификациядан кейін Медведев жартылай финал үшін берілетін 200 рейтингтік ұпай мен 219 925 доллар жүлдеден қағылды.

Ал Джокович Бейжіңдегі турнирде 33-жеңісіне жетіп, финалға жолдама алды. Сербиялық теннисші шешуші кездесуде әлемнің тоғызыншы ракеткасы, австралиялық Алекс де Минормен кездеседі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу