Ресми: 2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

87

Азия ойындарының Қазақстанда өтуі олимпиадалық спорт түрлерінің дамуына қосымша серпін береді.

Ресми: 2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді. Құжатқа Италияның Милан қаласында Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин мен Азия Олимпиадалық кеңесінің басшысы Шейх Джоан бин Хамад Әл-Тани қол қойды.

Алдағы қысқы Азия ойындарын өткізу үшін қолданыстағы инфрақұрылымды пайдалану көзделген. Сондықтан жаңа ірі спорт нысандарын салу жоспарланбайды. Қазіргі спорт кешендері қысқы Азия ойындарының бағдарламасына кіретін барлық спорт түрлері бойынша жарыстарды ұйымдастыруға толық мүмкіндік береді.

Бұған дейін қала 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын және 2017 жылғы қысқы Универсиаданы сәтті қабылдаған.
Бастапқыда ойындарды Сауд Арабиясы қабылдауы тиіс болған. Алайда "болашақтың қаласы" Неом мен жасанды тау шаңғы курортының құрылысы кешігуіне байланысты ұйымдастыру құқығы Алматыға берілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу