Бахтиёр Зайнутдинов Ресейдің "Динамо" сапына ауысты

310

Transfermarkt мәліметінше трансфер құны 2,8 миллион еуроны құрайды.

Бахтиёр Зайнутдинов Ресейдің "Динамо" сапына ауысты Фото: Динамо ФК

Мәскеулік “Динамо” өздерінің әлеуметтік желілерінде Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтың Түркияның “Бешикташ” клубынан ауысқанын ресми түрде хабарлады.

27 жастағы футболшымен келісім-шарт 2029 жылдың жазына дейін жасалды. 

Бахтиер Зайнутдинов Ресей жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол бұған дейін Премьер-лигада “Ростов” пен Мәскеудің ЦСКА клубтарында ойнаған. Қазақстанда Зайнутдинов “Тараз” және “Астана” командаларының намысын қорғаған.

Айта кетейік, өткен маусымда жарақатына байланысты Зайнутдинов Түркияда "Бешикташ" құрамында тек 12 кездесуге қатыса алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу