Ресми. Головкин 5-қазан рингке шығады

2539

Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин чемпиондық белбеуге таласады. 

Ресми. Головкин 5-қазан рингке шығады

IBF тұжырымы бойынша бос тұрған чемпиондық белбеуді Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко сарапқа салады. Кездесу 5-қазан күні атақты "Мэдисен Скуер Гарден" кешенінде өтеді. Ол жайында GGG өзінің инстаграмм парақшасында жазды. "Рингке қайта оралғаныма қуаныштымын. Big Drama Show-ды рингке қайта алып келеміз. Нью-Йоркте кездескенше" деп жазыпты Геннадий. 

Осыдан бір апта бұрын біз бұл бойдың өтуі ықтимал екендігі жайында жазған едік. Себебі, Деревянченконың компаниясы кездесу өткізуге дайын болды. Ал соңғы жауапты Геннадий промоутерлері жасағандықтан, кейбір мерзімдер мен мәселелер шешімін таппай тұрды. Енді міне, екі боксшы да, олардың өкілдері де ымыраға келді.

Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) кәсіпқой бокста өте танымал болашағы зор былғары қолғап шебері. Сергей қазақ бокс жанкүйерлеріне өте таныс спортшы. Себебі ол 2012/2013 жылы "Астана арландары" сапында өнер көрсетіп, Бүкіләлемдік бокс сериясының чемпионы атанды. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу