Онда Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин кірістер мен шығыстардың параметрлері бюджеттің өзін-өзі қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның сөзінше, 2026 жылы республикалық бюджет кірістерінің 19,2 триллион теңге, шығыстарының 27,7 триллион теңге деңгейін, сондай-ақ жоспарлы кезеңде олардың өсімін ескергенде, "Ұлттық қордан" нысаналы трансферт түрінде қосымша қаражат тарту қажеттілігі болмайды.
– Кірістер мен шығыстардың осындай көлемдері кезінде бюджет нысаналы трансферт түрінде "Ұлттық қордан" қосымша қаражат тартудың қажеттілігінсіз өзін-өзі қамтамасыз етеді, – деп нақтылады Серік Жұманғарин.
Бұған дейін Қазақстандағы ЖІӨ-нің 2026 жылы нақты өсуі болжанса, өңірлерді дамытуға арналған 3 жылдық бюджет те жария етілген еді.