Рикардо Кака шәкірттері мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шықты

1089

Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Литваны 3:0 есебімен жеңді.

Рикардо Кака шәкірттері мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шықты

23-ші секундта Тайнан Қазақстан құрамасын алға шығарды. Бұл гол турнирдегі ең жылдам гол болды. Футболшы аталмыш турнирдегі үшінші голын соқты. Екінші тайм нәтижелі болды. 30-минутта Тайнанның пасынан кейін Дәурен Тұрсағұлов Қазақстан құрамасының есептегі басымдығын арттырды. Ал 36-минутта Альберт Ақбалықов матчтың нүктесін қойды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Коста-Риканы 6:1 есебімен ұтқан еді. Енді Кака шәкірттері 18 қыркүйекте Венесуэлаға қарсы кездесу өткізеді.

Екі матчта алты ұпайдан жинаған Қазақстан мен Венесуэла құрамалары мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шықты. Енді қай команданың топтан бірінші орынмен шығатынын анықтау ғана қалды.

Кездесу аяқталған соң футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Литваға қарсы (3:0) өткен матчқа қатысты пікір білдірді.

"Біз қорғаныста жақсы өнер көрсететін командаға қарсы ойнадық. Олар бізге ойнауға мүмкіндік берді. Біз бірінші голды өте жылдам соқтық. Соның арқасында қарсыластар қорғаныста күшейе түсті. Матчты бақыладық. Ең бастысы қақпамызға гол жібермедік. Бұл біздің команда үшін үлкен қуаныш. Команданың атмосфераға бейімделгені, сенімділіктің артуы мені қуантады. Иә, голдар көп болмағанымен, команда өз күшін сезінді. Қашан ойынға қосылуды және күшін қай уақытта сақтап қалу керектігін білді. Мұны тәжірибе деп те атайды. Оны да меңгеру керек. Ең бастысы біз қақпамызды голдан аман сақтадық. Бұл үлкен қадам болмауы мүмкін, бірақ прогресс бар. Біз осындай ойын өрнегін әр матчтан күтеміз", - деді бас бапкер Рикардо Кака.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу