Рим-католик шіркеуі басшысының әуе кемесі елордаға келіп қонды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Рим Папасы мінген ұшақ сейсенбі күні таңғы сағат 07:36-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 11.30 - ред.) Римнің Фиумисино әуежайынан ұшқан болатын, бортында Рим Папасы Франциск, сондай-ақ папаның айналасындағы 80-ге жуық журналистер бар.
Atameken Business телеарнасы Нұр-Сұлтан әуежайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рим Папасы Францискті қарсы алу рәсімін, Ақордада Рим Папасы Францискті қарсы алудың ресми рәсімін, сондай-ақ Президент пен Рим Папасы Францисктің қатысуымен "Қазақстан" орталық концерт залында үкімет, азаматтық қоғам және дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесуін көрсетеді.
Айта кететіні, Рим-католик шіркеуінің басшысы Франциск елімізге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы шақыруымен келген. Понтифик мемлекеттік сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездесіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады.