Ринат Казаченко жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

146

Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанған Ринат Казаченко Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды.

Ринат Казаченко жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды Фото: olympic.kz

Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан оқ атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстандық мерген 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі винтовкамен үш қалыпта ату бағдарламасында екінші нәтиже көрсетті. Финалда ол 355,2 ұпай жинады. Алтын медальді Рохит Каньян жеңіп алды – 355,9 ұпай. Үздік үштікті Патрик Энтнер түйіндеді – 344,0 ұпай.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының осы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу