Рината Сұлтанова Азия ойындарында тасжолдағы велоспорттан алтын медаль жеңіп алды

385

Отандасымыз жарыс жолын 36:23.72 уақытта бағындырды.

Рината Сұлтанова Азия ойындарында тасжолдағы велоспорттан алтын медаль жеңіп алды Фото: Владислав Семенов

Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Спортшы жекелей уақытқа жарыста алтын медаль иеленді. Екінші орын қытайлық Чжан Хаоға бұйырды. Ол Сұлтановадан 4,86 секундқа қалып қойды. Үшінші орынға Оңтүстік Корея спортшысы Шин Чиын жайғасты. Оның нәтижесі чемпионнан 32,42 секундқа төмен болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында 2026 жылғы Азия ойындарының екі медалі бар. Бұған дейін Арлан Жаңабай ерлер арасында триатлоннан қола медаль жеңіп алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу