Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды

127

Отандасымыз Францияның Шамони қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде үздік үштіктен көрінді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды Фото: olympic.kz

Жалпы жылдамдық бағдарламасы бойынша Қазақстан атынан 8 спортшы сынға түсті.

Жарыстың негізгі бөліміне тек Ришат Хайбуллин мен Әмір Маймұратов шықты.

Ришат финалға дейін жетіп, АҚШ спортшысы Самуэль Уотсонға жол берді. Осылайша, күміс жүлдеге ие болды.

Қола жүлде тағы бір америкалық спортшы Зак Хаммерге бұйырды. Ал Әмір Маймұратов іріктеу кезеңінде 2-орынды иеленді. Дегенмен жарыстың негізгі бөлімінде ширек финалға дейін жетіп, испаниялық Эрик Ноя Кардонаға есе жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу