Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогы кезеңінде жеңіске жетті

237

Отандасымыз "жылдамдық" санатында үздік атанды.

Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогы кезеңінде жеңіске жетті Фото: ҰОК

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ришат Хайбуллин Алматыда өткен Азия кубогы кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Финалда Хайбуллин жапониялық спортшы Цукики Онишиден басым түсті. Үшінші орынға Ре Омаса (Жапония) ие болды.

Әйелдер арасында Анна Баларшина мәреге бірінші болып жетті. Ол финалда отандасы Тамара Ұлжабаеваны қапы қалдырды. Үздік үштікті қазақстандық Аделия Өтешева түйіндеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу