Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшының жолы болмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ҚР ҰОК Ризабек Айтмұханның алғашқы белдесуінде ресейлік Магомед Курбановпен күш сынасып, жеңіліп қалғанын мәлімдеді.
Еске салайық, еркін күрес шебері Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді.
Ал қазақстандық Начын Куулар (65 келіге дейін) қытайлық Тао Вэйді ұтып, әлем чемпионатын жеңіспен бастап отыр.
Ұлттық құрама сапынан әлі де мықты балуандар белдесетін болады. Жарыс жолы енді қыза түсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу