25 ақпанда Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында PWL-8 халықаралық күрес турнирі өтті.
Бұл жарыста қазақстандық спортшылардың қатысуымен бірнеше маңызды белдесулер болды.
Ризабек Айтмұқан - Кайл Снайдер
Кештің басты белдесуінде әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан АҚШ-тың Олимпиада чемпионы Кайл Снайдермен 97 келі салмақ дәрежесінде кездесті.
Снайдер сенімді жеңіске жетіп, Айтмұқанды 8:0 есебімен ұтты. Бұған дейін Снайдер турнир аясында ресейлік Константин Пшеничниковты 7:3 есебімен жеңген болатын.
Жәмилә Бақбергенова - Айпери Медет кызы кездесуі
Әйелдер күресінде үш дүркін Азия чемпионы, қазақстандық Жәмилә Бақбергенова Қырғызстанның әлем чемпионатының жүлдегері Айпери Медет кызымен 76 келі салмақта белдесті.
Тартысты өткен белдесуде Медет кызы 5:1 есебімен жеңіске жетті. Ол 2023 жылғы Азия ойындарының финалында да Бақбергенованы 7:4 есебімен ұтқан еді.
Азамат Дәулетбеков - Магомедхабиб Кадимагомедов
Қазақстан еркін күрес құрамасының капитаны Азамат Дәулетбеков 2020 жылғы Олимпиада финалисті, беларусьтік Магомедхабиб Кадимагомедовпен 86 келі салмақта белдесті. Бұл жекпе-жекте Дәулетбеков жеңіске жетті.
PWL-8 турнирі қазақстандық балуандардың жоғары деңгейдегі дайындықтары мен шеберліктерін көрсетті. Көрермендер қызықты әрі тартысты белдесулердің куәсі болды.