Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Ризабек Айтмұхан (97 кг) алғашқы кездесуінде мысырлық Мохамед Салахеддинді 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.
Жартылай финалда балуанымыз Париж олимпиадасының қола жүлдегері Магомедхан Магомедовпен күреседі.
Сондай-ақ тағы бір қазақ балуаны Нұрқожа Қайпанов (74 кг) жартылай финалға шықты. Ол камерундық Монти Мбугу Жак Седрикті 10:0 есебімен жеңді.
Жартылай финал 14:30-да басталады, қарсыласы – ирандық Юнес Эмамичогаеи.
Айта кетейік, 2022 жылы өткен Ислам ойындарында Нұрқожа турнирді 5-орынмен аяқтаған болатын. Енді отандасымыз кем дегенде қола жүлдеден үмітті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу