Ризабек Айтмұқан Ташкенттегі турнирде жеңіске жетті

169

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан Ташкент қаласында өткен PWL 11 турнирінде жеңіске жетті.

Ризабек Айтмұқан Ташкенттегі турнирде жеңіске жетті Фото: olympic.kz

Отандасымыз 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі белдесуде ресейлік Алихан Кцоевпен кездесіп, 3:2 есебімен басым түсті.

Кездесу барысында қазақстандық балуан 1:2 есебімен ұтылып жатқанымен, айқастың соңғы сәтінде есепті теңестіріп, белдесудің аяқталуына 5 секунд қалғанда шешуші ұпайға қол жеткізді.

Бұған дейін 13 ақпанда Бішкек қаласында өткен Super 4 Wrestling турнирінде де Ризабек Айтмұқан Алихан Кцоевті жеңген болатын.

Сонымен қатар, аталған турнирде грек-рим күресі бойынша 97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Ислам Евлоев беларусьтік Кирилл Маскевичке 1:2 есебімен есе жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, 21 жастағы Ризабек Айтмұқан – Қазақстан тарихында еркін күрестен ересектер арасында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу