Сербияның Нови-Сад қаласында өткен 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында еркін күрестен 97 келі салмақта белдескен Ризабек Айтмұхан қола медаль иеленді.
Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол U20 әлем чемпионы, ирандық Аболфазил Бабалоны 7:1 есебімен жеңді.
Ал, іріктеу кезеңінде Ибрахим Бенеколиді (Түркия) 11:1, 1/8 финал.да Аймар Егиноаны (Испания) 10:0, 1/4 финалда Гарроуз Куекабакила (АҚШ) 11:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 2024 жылы дәл осы жаһандық додада барлық қарсыластарынан басым түсіп, топ жарған болатын.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, өз тарихындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірін тіркеді.