Ризабек Айтмұқан үш дүркін әлем чемпионы атанды

1621

Тиранада (Албания) 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұқан жеңімпаз атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ризабек Айтмұқан үш дүркін әлем чемпионы атанды Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Отандасымыз 97 келіге дейінгі салмақтағы ақтық сында ирандық Махди Морафамен белдесті.

Бірінші кезең 2:2 есебімен тең аяқталды. Екінші кезеңде Ризабек 6:2 есебімен алға шықты, артынша 10:4-ке жеткізді. Қорытынды есеп – 11:6, Ризабектің пайдасына.

Ризабек Айтмұқан 2023 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атанса, биыл 20 жасқа дейінгілер арасында дүниежүзілік додада топ жарған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу