Ролан Гаррос: Кукушкин мен Путинцева жарыстан шығып қалды

1244

Қазақстандық теннисшілер Михаил Кушкукин мен Юлия Путинцева теннистен Францияның ашық чемпионатында екінші айналымнан кейін жарысты аяқтады.

Ролан Гаррос: Кукушкин мен Путинцева жарыстан шығып қалды

"Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымында Әлемдік рейтингте 88-орында тұрған Кукушкин Әлемнің 105-ракеткасы испаниялық Педро  Мартинес Портеромен кездесу өткізіп, үш партияда да 3:6, 1:6, 0:6 жеңіліп қалды.
Естеріңізге сала кетсек, турнирдің алғашқы айналымында Михаил Кукушкин италиялық Фабио Фоньиниді жеңген болатын.
Ал "Ролан Гаррос" турнирінде әйелдер арасында өтіп жатқан сайыста қазақстандықтардан тек бір теннисші ғана қалды. Бұл жолы Юлия Путинцева  жарыстың үшінші айналымына шыға алмады.

Францияның ашық чемпионатының екінші айналымында әлемдік рейтингте 27-орында тұрған Путинцева әлемнің 131-ракеткасы, аргентиналық Надия Подорошкамен кездесті. Қазақстандық бірінші кезеңде 6:3 есебімен жеңілді. Бірақ екіншісінде 6:1 нәтижесімен есе қайтарды. Шешуші сетте аргентиналық 6: 2 есебімен жеңіске жетті.
Екі сағат екі минутқа созылған матчта 25 жасар Путинцева допты ойынға қосу барысында бір рет қателесіп, алты брейк-пойнтты сәтті пайдаланды. Ал 23 жасар оның қарсыласы Подорошка  екі рет қателікке жол беріп, жеті брейк жасады. Бұл теннисшілердің алғашқы ресми кездесуі болатын. Подорошка келесі айналымда словакиялық Анна Шмидловаға қарсы кортқа шығады.

Осылайша жекелей өнер көрсету бойынша Францияның ашық чемпионатында Қазақстанның тек бір ғана өкілі – Елена Рыбакина қалды. Жақында Зарина Дияс та турнирден шығып қалды. Бірақ енді Зарина мен Юлия турнирде жұптық өнер көрсететін болады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу