Ролан Гаррос. Рыбакина үшінші айналымда

846

Жекелей сында қазақстандық теннисшілерден тек Елена Рыбакина үшінші айналымға шықты.

Ролан Гаррос. Рыбакина үшінші айналымда

Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатында екінші кездесуін өткізді. Америкалық спортшы Кэти Волынецпен өткен матчта Рыбакина екі сетте 6:4, 5:7 есебімен жеңіске жетті. Матч бір сағат сегіз минутқа созылды. Ойын барысында Рыбакина төрт қателік жіберді. Сондай-ақ қазақстандық теннисші бес ұпай иеленіп, сегіз гейм қатарынан жеңіске жетті. Бұл матч "Үлкен дулыға" турнирінің 1/32 финалы аясында өтті.

Тағы бір қазақстандық теннисші Анна Данилина Франция ашық чемпионатында жұптық сында алғашқы кездесуін өткізді. Ол бразилиялық теннисші Беатрис Хаддад Майямен бірге жапониялық Эри Хозуми – Макото Ниномия дуэті үш сетте 4:6, 6:4, 6:4 жалпы есебімен ұтты. Кездесу бір сағат 52 минутқа созылды. Бұл матч "Үлкен дулыға турнирінің" 1/32 финалы аясында өтті.

Александр Бублик Париждегі турнирде екінші кездесуін өткізді. Қазақстандық теннисші ATP рейтингінің 31-ші сатысында тұрған серб спортшысы Миомир Кеэцмановичке қарсы ойнады. Төрт сетке ұласқан ойында Бублик 6:4, 5:7, 2:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды. Матч екі сағат 16 минутқа созылды. Ойын барысында Бублик 14 мәрте допты ойынға қосу кезінде қиыс кетіп, 12 қос қателік жасады. 10 ұпай жинап, қатарынан бес геймде жеңіске жетті.

Юлия Путинцева 26-мамырда Ролан Гарростың екінші айналымында өнер көрсетті. Қазақстандық теннисші әлемнің 30-ракеткасы, италиялық Камила Джорджиден екі сетте 3:6, 5:7 есебімен жеңілді. Кездесу бір сағат 33 минутқа созылды.

Ал Андрей Голубев жұптық сайыстың екінші кезеңінде өнер көрсетті. Француз серіктесі Фабрис Мартинмен бірге Голубев Рохан Бопанна - Матве Мидделкопқа қарсы ойнап, жеңіліп қалды. 1 сағат сегіз минутқа созылған екі сеттік кездесу 3:6, 4:6 есебімен аяқталды.

Сонымен қатар турнирдің 5-жарыс күні Әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық Ига Швентек үшінші кезеңге жолдама алып, жеңісті сериясын 30 матчқа дейін ұзартты. "Үлкен дулыға" турнирінің екінші айналымындағы кездесуде Швентек америкалық Элисон Рискені 6:0, 6:2 есебімен жеңді. Қарсыластар кортта 1 сағат 1 минут уақыт өткізді. Швентектің жеңісті сериясы XXI ғасырдағы әйелдер теннисіндегі рекордтардың бірі. Ең үздік нәтиже америкалық Венус Уильямсқа тиесілі. Ол қатарынан 35 кездесуде, оның әпкесі Серена Уильямс 34 ойын қатарынан жеңіске жеткен. Үшінші орында бельгиялық Юстин Хенин (32 кездесу). Енді олардың қатарына Ига Швентек те қосылды.

Бүгін, 27 мамырда Парижде Ролан Гаррос-2022 турнирінің алтыншы сайыс күні өтеді. Қазақстандық теннисшілердің қатысуымен өтетін матчтардың кестесі:

17:50 - Александр Бублик/Танаси Коккинакис - Фрэнсис Тиафо/Мартон Фучович (№13 корт)

19:00 - Натела Дзаламидзе/Александр Бублик - Сторм Сандерс/Сандер Жилле (№12 корт)

19:10 - Анна Данилина/Беатрис Хаддад-Майя (12) - Саманта Стосур/Латиша Чань (№13 корт).

Айта кетейік, осы жарыста жекелей сында қазақстандық жанкүйерлердің соңғы үкіліген үміті Елена Рыбакина болып отыр. Ол келесі кездесуін ертең, 28 мамырда өткізеді. Оның қарсыласы АҚШ-тың 22-ші ракеткасы Мэдисон Киз.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу