Роман Григорчук: Менің әлі бір жылдық келісімім бар

2285

"Астана" футбол клубының бас бапкері қызметінен кетпейтінін мәлімдеді. Енді не болмақ?

Роман Григорчук: Менің әлі бір жылдық келісімім бар

Осыдан бір апта бұрын қазақстандық баспасөз құралдары "Астана" футбол клубының бас бапкері Роман Григорчук қызметінен кететін болды деп жазған еді. Алайда, Роман Иосифұлы арнайы сұқбат беріп, қызметінен кетпейтінін айтты. "Менің әлі бір жылдық келісім-шартым бар. Маусым аяқталған соң басшылық маған ештеңе деген жоқ. Болашақ жайлы ешкімммен сөйлеспедім. Сондықтан әзірге ештеңе айта алмаймын", – деді украиналық маман Football24.az сайтына берген сұқбатында. 

Әзербайжандық сайтқа берген сұқбатында Роман Григорчук "Мен өзге клубтармен келісім жүргізбеймін. Қазіргі уақытта өз қызметім бар екенін жақсы түсінемін. Сондықтан да, үйіме келіп жақсы демалып жатырмын. Бұл демалыс маған қатты қажет болған еді" деп қоса кетіпті. 

"Астана" командасының 2019 жылға қойған мақсаты орындалды десек те болады. Команда Қазақстан чемпионы атанды және Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті. Бірақ, мамандар мен жанкүйерлер Роман Григорчуктің қызметіне үнемі сын айтумен болды. Себебі, команда Еуропа лигасында  "АЗ" Алкмаар командасынан екі ойында 11-0 есебімен жеңілді. Алайда, жанкүйерлерді қуантқан бір матч болды.  "Астана" өз алаңында атақты  "Манчестер Юнайтедті" жеңді. 

"Әрине, "Манчестер Юнайтед" қазір бұрынғы даңқты кезіндегідей емес. Дегенімен, ол қашанда әлемдік брэнд. Оларды жеңуіміз тарихи сәт десем артық емес. Команда үшін бұл өте тамаша көрсеткіш. Ал сонымен қатар өзімді де кейде мақтаныш кернейді. Себебі  "Манчестер Юнайтедті" жеңген украиналық алғашқы бапкермін. Бірақ, маған қарағанда бұл жеңіс "Астана" атын күллі әлемге танытты",–дейді Роман Гиригорчук мырза. 

Ермұхамед Мәулен  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу