banner

Роман Григорчук: Томасов жарақатына байланысты алаңға шықпайды

2283

"Астана" – "Манчестер Юнайтед" арасындағы матч алдында елордалық клубтың бас бапкері Роман Григорчук баспасөзге сұқбат берді. 

Роман Григорчук: Томасов жарақатына байланысты алаңға шықпайды

–  Томосав алаңға шықпайды деген ақпарат естідік. Ол қаншалықты рас?

–  Марин Томасов жарақат алғаны рас. Ол ертеңгі матчқа қатыспайды. Жарко, Мубеле, Лука Шимунович секілді футболшылардың да қазір алаңға шыға алмайтыны белгілі. 

–  "Манчестердің" осындай құрамынан жеңілген командаға қатты әсер етпей ме?

–   Сіз біздің жеңілгенімізді қалайтын секілді сауал қойып отырсыз. "Манчестер" бірнеше дүркін талантты ойыншылар тәрбиелеп шығарды. Олар қазір жаңа жұлдыздарды жарыққа шығармақшы. Олар жылдам әрі техникалық жағынан мықты. Олар Еуропа лигасында ойнағысы келіп құлшынып отырған жастар. 

–   "Манчестердің" үшінші құрамын алып келгені сыйламау деп есептемейсіз бе?

–   Жоқ. Ондай ой мүлде жоқ. Әр команданың өзінің мақсаты бар. Соған қарап икемделеді. Олар Еуропа лигасының келесі кезеңіне өтіп қойған. Ағылшын премьер-лигасындағы матчтар оларға анағұрлым маңыздырақ. Ал бізге "Юнайтедті" жеңіп, өзімізді бір көрсетіп алуға тамаша мүмкіндік туып тұрғандай. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу