banner

Роман Григорчук: Жастарға кезек береміз

2904

"Астана" командасы бүгін Еуропа Лигасының аясында кездесу өткізеді. Бас бапкер Роман Григорчук алаңға жастарды шығарамын дейді. 

Роман Григорчук: Жастарға кезек береміз

- Біздің команданың сапында қазір мәселелер бар. Томасов жарақатына байланысты Голландияға келмеді. Ол емделіп жатыр. Сонымен қатар Сигурьеонсон, Томашевич, Мубеле секілді ойыншылардың барлығы 1,5 айдай емделуі керек. Сонымен айтқанда, олар биылғы маусымда енді ойындарға қатыспайды. Тек жаттығу жасаулары мүмкін. 

- Мұндағы жасыл алаң да синтетикалық екен. Бұл қазақ командасына басымдылық бере ме?

- Жасанды алаңның да түр түрі бар ғой. Оны қазір анықтап байқаймыз. "Аз" командасы да осындай алаңда ойнағаннан кейін бізде қайбір басымдылық бола қойсын. Екі команда да тең дәрееде. Біздің басты мақсатымыз ішкі біріншілікті жеңу болғандықтан, Еуропа лигасының матчтарына жастарды шығарамыз. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу