Роман Григорчук: Жастарға сенім артамыз

2428

"Партизан" - "Астана" арасындағы ойын алдында елордалық команданың бас бапкері тілшілер сауалына жауап берді. 

Роман Григорчук: Жастарға сенім артамыз

- "Манчестер Юнайтедке" қарсы өткен ойында болған футболшылардың барлығы Белградқа ұшып келді. Сол матчқа қатысқан футболшылар осы матчқа да тегіс қатыса алатын жағдайда. Тек жарақат алған Марин Томасов, Фирмин Мубеле, Жарко Томашевич, Лука Шимуновичтер алаңға шыға алмайды. Дегенімен біз, жақсы ойын өрнегін көрсетіп, абыройлы футбол ойнағымыз келеді. Қарсыластың бізді жеңіп, ұпай алғысы келетінін түсінеміз. Сондықтан да біз олардың ойын іске асыртпауға тырысамыз. 

- Командамен бірге бір топ жас ойыншылар келді. Олардың қайсысы алаңға шығуы мүмкін?

- Соңғы ойындарда біз жастарды бір тексеріп алайық деп командаға қосып отырмыз. Олардың біршамасы тәжірибие жинақтауы тиіс. Ойынға қатыса алатын футболшылар тізіміне біршамасы енеді деп отырмын. Ал алаңға оның қайсысы шығатынын әзірге айта алмаймын. 

- Белградқа ойынға дейін бір апта бұрын келдіңіздер. Жаттығу жұмыстары қалай өтті?

- Сәтті өтті деп айта аламын. Біз мұнда керемет жағдайда жатырмыз. Жаттығудың сапасы да жақсы болды. Бірақ, бір кінәратымыз бар. Үш апта бойы ресми ойындар өткізбедік. Тек жаттығулармен ғана шектелдік. Ойын тәжірибиесінің жоқтығы кедергісін келтіруі ықтимал. Дегенмен, жақсы ойнауға тырысамыз. 

- Балқан түбегінен ойыншылар алу жоспарыңызда бар ма?

- Негізі бұл жақтың футболшылары өте тәрбиелі әрі өз ісінің маманы болып келеді. Мен бапкерлік қызметімде олармен көп жұмыс істедім. Сондықтан да, алдағы уақытта да бұл өңірдің ойыншыларымен қызметтес болып қалуым мүмкін. Ал командамызда қазір трансфер туралы ешқандай әңгіме жоқ. Біздің қазіргі бар ойымыз осы матч болып отыр. Сосын, маусым ресми түрде аяқталған соң футболшы іздеу мәселесіне ден қоямыз. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу