Рон Влаар: Қазақ командасын міндетті түрде жеңеміз

3345

"АЗ Алкмаар" - "Астана" арасындағы ойын алдында баспасөз мәслихаты өтті. 

Рон Влаар: Қазақ командасын міндетті түрде жеңеміз

Голландиялық команданың капитаны Рон Влаар тілшілер сауалына жауап берді. 

 Өткен апта соңында біз ішкі біріншілікте жеңіліп қалдық. Сондықтан көңіл-күйіміз сәл түсіп тұр. Дегенімен, бұл футбол. Барлығына да көнуге тура келеді. Енді жанкүйерлер алдында келесі матчты жеңуге тырысамыз. 

 Команда сапында жас ойыншылар өте көп. Олар қазіргі қысымға шыдап жүр деп ойлайсыз ба?

– Кезінде барлығымыз да осындай жолдан өттік. Жас кезде көбірек ойнап, тезірек шынығып, үлкен футболға сіңісу қажет. Қазір олар аптасына екі реттен жасыл алаңға шығып жүр. Мен капитан ретінде оларға жол сілтеп, ауыртпалықтарға қалай шыдау қажет екенін түсіндіріп жүрмін. 

 Сіздің командаңыз өз алаңындағы Еуропа лигасының матчтарын Гаага қаласында өткізеді. Бұл қандай да бір қиындық тудырмай ма?

 Жоқ, бұл қала бізге соншалықты алыс емес. Әрі бұл қала мен үшін жат мекен де емес. Біз мұндағы матчтарды шынын айтқанда өз үйімізде ойнап жатқандай сезінеміз. 

 Сіз ертеңгі матчта алаңға шықпай қалуыңыз мүмкін екен ғой?

 Иә, әзірге нақты жауап жоқ. Матч болатын күні белгілі болады. Әзірге нақты ештеңе деп айта алмаймын. Команданың кез-келген ойыншысы менің орныма алаңға шығуға дайын. Біз қазақ командасын жеңеміз. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу