Роналду "Әл-Насрмен" алғаш рет Сауд Арабиясының чемпионы атанды

72

"Әл-Насрмен" алғаш рет чемпион атанған Криштиану Роналду мансабындағы голдар санын 973-ке жеткізді.  

Роналду "Әл-Насрмен" алғаш рет Сауд Арабиясының чемпионы атанды Фото: Чемпионат

"Әл-Наср" 2025/2026 жылғы Сауд Арабиясы Премьер-лигасының 34-туры аясындағы соңғы матчта өз алаңында "Дамак" командасын 4:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рияд клубы сапынан Садио Мане, Кингсли Коман және Криштиану Роналду көзге түсті. Португалиялық шабуылшы матчта дубль авторы атанды.

Осы ойыннан кейін Криштиану Роналду мансабындағы голдар санын 973-ке жеткізіп, әлемдік рекордын жақсарта түсті.

Маусым қорытындысы бойынша "Әл-Наср" 86 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орын алды. Осылайша клуб Криштиану Роналдумен бірге алғаш рет Сауд Арабиясының чемпионы атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу