Роналду әлем чемпионатының алғашқы матчына қатыспауы мүмкін

233

Роналду Португалия құрамасы сапында 226 матчта алғаш рет қызыл қағаз алды. 

Роналду әлем чемпионатының алғашқы матчына қатыспауы мүмкін

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Ирландияға қарсы өткен ойында алған қызыл қағазына байланысты 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчқа қатыспауы мүмкін.

13 қараша күні өткен матчта португалиялықтар қонақта Ирландиядан 0:2 есебімен ұтылды. Криштиану Роналду ойынның 61-минутында қарсыласын шынтақпен ұрғаны үшін тікелей қызыл қағаз алды.

Форвард 16 қарашада өтетін Армения құрамасына қарсы іріктеу кезеңінің соңғы матчына қатыспайтыны анық. Сонымен қатар Роналдуға агрессивті әрекеті, оның ішінде шынтақпен ұрғаны үшін, ФИФА ережелеріне сәйкес кемінде екі матчқа дисквалификация берілуі мүмкін.

Португалия әзірге әлем чемпионатына ресми жолдама алған жоқ. Бес турдан кейін португалиялықтар 10 ұпаймен Еуропа іріктеуінің F тобында көш бастап тұр. Екінші, үшінші және төртінші орындарды Венгрия (8 ұпай), Ирландия (7 ұпай) және Болгария (0 ұпай) иеленіп тұр. 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өтуге Португалия, Венгрия және Ирландия құрамалары үмітті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу