Данқты футболшы осы маусым соңында аяқталатын келісімшартын ұзартуға келіскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Португалия құрамасы мен "Әл-Наср" футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду тағы бір жыл Сауд Арабиясында қалатын болды, деп хабарлайды AS.
Дереккөз мәліметінше, Роналду ұсынысты қабылдап, қазір келісімшарт ресми түрде рәсімделуге шақ қалған. Жаңа келісімде Криштиану бір жылда 200 миллион еуро (шамамен 100 миллиард теңгеден асады) еңбекақы алады.
Осылайша, португалиялық футболшы әлем бойынша табысы ең жоғары ойыншы болуын жалғастырады. Форвардқа аптасына 3,8 миллион еуро түсіп отырады.
Айта кетейік, Роналду "Әл-Наср" сапында 2023 жылдан бері ойнайды әрі ол 5 ақпанда 40 жасын тойлайды.