Осылайша, Португалия құрамасы 1/8 финалға қарсыласын 2:1 есебімен жеңу арқылы жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ойын барысында хорватиялық футболшылар бірінші болып есеп ашты. Иван Перишич 53-минутта көзге түсіп, өз атына гол жазған еді. Бірақ, жағдай өзгеріп сала берді. Арада 7 минут өткенде Криштиану Роналду 11 метрлік айып соққысын сәтті орындап, есепті теңестіріп кетті. Одан кейін 94-минутта Гонсалу Рамуш соққан гол Португалия құрамасына жеңіс сыйлады.
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының қызықты ойындары енді басталмақ. Себебі, Хорватияны жарыс жолынан шығарған Португалияның келесі қарсыласы – Испания құрамасы.
Жаза кеткен жөн, Криштину Роналду бастаған футболшылар топтық кезеңде мардымды ойын көрсетті дей алмаймыз. Өзбекстанды ғана 5:0 есебімен ойсыратып, Колумбиямен (0:0) және Конго ДР құрамасымен (1:1) тең ойнады.