Роналду бұл шешімді ұлттық құраманың бас бапкері өткізген баспасөз мәслихатынан соң қабылданған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол Португалия футбол федерациясының президентімен де әңгімелескен.
– Ұлттық құрамадан кетуіме себеп болған жағдайлардың шындығын уақыты келгенде барлық португалиялыққа айтып беремін. Мен ұлттық құрамаға әрдайым барымды салдым. Қазір Португалияға және барлық командаласыма сәттілік тілеуді жөн көрдім, – деп жазды футболшы.
Ақпаратқа сай, бұл шешім түпкілікті болуы мүмкін және футболшы енді ұлттық команда сапында алаңға шықпайды.
Осыған дейін Роналду Ұлттар лигасындағы Уэльске қарсы матчта алаңға шықпады. Ол тіпті Португалия құрамасының жаттығуына да қатысқан жоқ.
Бірнеше күн бұрын Аргентина Мессимен қоштасу матчына тосынсый дайындап жатқанын жазған едік.