Еуро-2024 ширек финалы аясында Португалия мен Франция құрамалары кездесті.
Матчтың негізгі уақытында есеп ашылмады – 0:0. Португалия сапында Бруну Фернандеш пен Витиньоның, Францияда Рандаль Коло-Муани мен Эдуардо Камавинганың мүмкіндіктері болды, бірақ ешкім оны пайдалана алмады.
Овертаймда да гол соғылмады. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл тұста француздар дәлдік танытты. Португалия сапында Жоау Феликс пенальтиден мүлт кетті – доп қақпа бағанасына тиді.
Осылайша, Криштиану Роналду үшін Еуропа чемпионаты аяқталды.
Жартылай финалда 9 шілдеде Испания мен Франция кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу