Рукавина ҚПЛ ойындарының тамызда басталатынына күмәнмен қарайды

1710

Қазақстан чемпионы "Астана" футбол клубы мен Сербия ұлттық құрамасының қорғаушысы Антонио Рукавина "Спортски журналу" басылымына берген сұхбатында биыл Қазақстан чемпионатының ойындары жыл соңына дейін аяқталатынына сенімді емес.

Рукавина ҚПЛ ойындарының тамызда басталатынына күмәнмен қарайды

Жоғарғы дивизион біріншілігінен кейін "Астана" былтыр Қазақстан кубогінің иегері атанған "Қайсардан" басым түсіп, биыл 29 ақпан күні Костанай қаласында Қазақстан суперкубогін жеңіп алған болатын. Содан кейін елордалық клуб екі маусым ғана ойнап үлгерді. Коронавирус пандемиясы басталғаннан кейін турнир 1-шілдеге дейін тоқтатылған еді. Қазақстандық клубтар тек бір тур ғана ойнады. Енді қазір ҚФФ чемпионатты бір қалада өткізу үшін Үкімет басшыларымен келіссөздер жүргізуде. Бірақ әзірге ешқандай нақты ақпарат шыққан жоқ. Тіпті чемпионат ойындары жалғаспауы мүмкін. Бұл туралы ақпаратты Рукавина да жоққа шығармады.

"Биыл футбол ойнайтын жыл емес. Чемпионат аяқталмауы да мүмкін. Бізге чемпионат ойындары 3-тамыз басталады деп айтқан. Ал оған дейін ешқандай ойын өтпейді. Бірнеше күннен кейін маусымның қашан жалғасын табатыны белгілі болады", - деді Рукавина сербиялық басылымға берген сұхбатында. Өткен аптада "Астананың" бас бапкері Михал Билек команданың бірден төрт ойыншысы коронавирус жұқтырғанын, тағы төрт ойыншы пневмониямен ауырып жатқанын мәлімдеді. Бұл сегіз футболшы да негізгі құрамның ойыншылары. Чемпионат жалғасқан жағдайда да "Астананың" негізгі құрамдағы ойыншылары ауырып жатқандықтан, клуб маусымның жалғасын кем дегенде күзге дейін тоқтата тұруды сұрайтын болады. Коронавирус жұқтырғандардың арасында Рукавина мен тағы бір сербиялық ойыншы Ненад Эрич жоқ. Өйткені "Астана" қорғаушысы Эричпен қалада серуендеуге бірге шыққандарын айтты.

"Сауда үйлері, спорт залдар жабық. Мерекелік іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Ресторандар мен кафелердің жұмыс уақыты шектеулі. Тек сағат 20:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Ешқандай жаңалық жоқ. Бірнеше айдан бері осылай өмір сүрудеміз", - деп қоса кетті Рукавина "Спортски журналу" басылымына берген сұхбатында.

Дегенмен, осы жағдайларға қарамастан сербиялық қорғаушы қыркүйек айында  "Астананың" Еурокубоктың іріктеу ойындарына қатысуға ниетті екенін айта кетті. Бірақ қарсыластарын қай стадионда қабылдайтыны және негізгі құрамда кімдердің ойнайтыны әлі белгісіз.

"Біз міндетті түрде ойнаймыз. Бірақ әлі қай жерде екенін білмейміз. Егер тамызда карантин аяқталса кездесулерді Нұр-Сұлтан қаласында, жағдай өзгермесе Түркияда өткіземіз", - деді қорғаушы.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу