Руслан Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиенбай 9 жылға сотталып кетті

Бүгін Шымкент әкімінің орынбасарына 5 рет оқ жаудырған айыпталушыға сот үкімі шықты.  

Руслан Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиенбай 9 жылға сотталып кетті Фото: коллаж inbusiness.kz

Судья Ернар Жиенбайды 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Руслан Берденовке қастандық жасаған сотталушының қамаудағы бір күні бір жарым күнге есептелмек. 

Сот "Е.Жиенбайдың сот тергеуінде кінәсі куәлердің жауабымен, заттай дәлелдемелермен толықтай дәлелденді" деп мәлімдеді. 

Бірнеше күн бұрын прокурор Ернар Жиенбайды 11 жыл, 3 айға соттауды сұраған еді. 

Бұған дейін Руслан Берденовке оқ жаудырған Ернар Жиенбай соттағы соңғы сөзінде "Қолыммен істегенімді мойныммен көтеремін" деген мәлімдеме жасаған-ды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу