Қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшы 1/32 финалда командадағы әріптесі Эльмир Алимжановты 15:14 есебімен жеңді. Одан кейін ол Венгрия өкілі Давид Надьды – 15:13, Жапониядан келген Акира Коматаны – 15:11 есебімен ұтты.
Ширек финалда Руслан қазақстандық Никита Жулинскийден 12:11 есебімен басым түсті. Ал финалға жолдама беретін кездесуде Нидерланды спортшысы Тристан Тюленді 15:9 есебімен сенімді түрде жеңді.
Алтын медаль үшін күресте финалда Руслан Курбанов Италия өкілі Давиде Ди Веролиді 15:14 есебімен тізе бүктірді.