1/8 финалда отандасымыз аса тартысты кездесуде Париж Олимпиадасының екі дүркін чемпионы (жекелей және командалық сында), әлем чемпионы жапониялық Коки Каномен кездесті. Қос спортшы арасындағы бәсеке өте шиеленісті өтіп, кездесу 9:8 есебімен Руслан Құрбановтың пайдасына шешілді.
Осылайша, қазақстандық семсерлесуші турнирдің келесі кезеңіне өтіп, жүлдеге бір табан жақындай түсті. Енді Руслан Құрбанов ширек финалда Венгрия өкілі Давид Надьмен күш сынасады.
Айта кетейік, биыл Қазақстанда алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогы өтіп жатыр. Жарысқа 271 ер және 222 әйел спортшы қатысуда.
Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Коки Канодан бөлек тағы бір Олимпиада чемпионы Гергей Шиклоши, әлем чемпионы Давиде ди Вероли, екі дүркін әлем чемпионы Александр Бардене сынды мықты спортшылар бар.
26 наурызда басталған жарыс 29 наурызға дейін жалғасады.